«Жаңбыр, бұршақ, найзағай»: 22 мамырға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 мамыр, 2025
- 1

"Қазгидромет" синоптиктері 22 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжауынша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, жел соғады деп күтілуде. Ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс бөлігінде шаңды дауыл соғады.
«Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында, Қостанай өңірінің орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының орталығында, батысында, Абай облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады», - делінген синоптиктердің мәліметінде.
Сонымен қатар Қызылорда облысының, Түркістан облысының солтүстігі, шөлейтті және тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қостанай өңірінде, Алматы облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, солтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.