Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«COVID-тің жаңа штамы біртіндеп таралуда»: вакцина егу қайта басталуы мүмкін

«COVID-тің жаңа штамы біртіндеп таралуда»:  вакцина егу қайта басталуы мүмкін
Сурет: gov.kz
Дәрігерлері «Омикрон» індетінің жаңа толқыны басталғанын растады

Бес жыл бұрын жаһан жұртын дүрліктірген «Омикрон» Азияда қайта өрши бастады. Әсіресе Гонконг пен Сингапурде. Қазірдің өзінде 14 мыңнан астам адамнан "LP.8.1" деп аталатын вирустың жаңа түрі табылған. Енді пандемияның жаңа толқыны әлемді алаңдатып отыр. Эпидахуал өрши түссе, вакцина егу қайта басталуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қазақстанда да жыл басынан бері 300-ден астам жағдай тіркеліпті. Біздегі ахуал қалай? Шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін бе?

Қазір Азияның бірқатар елінде вирус жұқтырып ауруханада жатқандардың қатары күн сайын көбеюде. Әсіресе Гонконг пен Сингапур, Қытай және Тайландатағы жағдай алаңдатарлық. Гонконг дәрігерлері «Омикрон» індетінің жаңа толқыны басталғанын растады. Осы айдың өзінде 30-дан аса адам көз жұмған. Сингапурде де ай басынан бері 14 мыңнан аса адам вирус жұқтырыпты. Күніне 130-ға жуық науқас ауруханаға түсуде. Басым бөлігі 65 жастан асқандар. Отандық дәрігерлер жаңа штаммның белгілерін атады.

«COVID-тің жаңа штамы біртіндеп таралуда. Бұл «Омикронның» мутацияларының бірі. Негізінде бұл штамм қазіргі уақытта алаңдаушылық тудырмайды. Иә, шағын толқын бар. Бұл вирустың белоктарында мутацияның пайда болуымен байланысты. Оның белгілі бір ерекшеліктері бар. Ол алдыңғыларға қарағанда тамақтың ауруын, мұрынның бітелуін, түшкіруді және аздап құрғақ жөтел тудырады», - дейді медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Еделев.

 Сондай-ақ әлсіздік пайда болып, дене сырқырайды. Бірнеше күннен кейін вирус күшейіп, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріледі екен. Жыл басынан бері елімізде 329 жағдай тіркелген, қайтыс болғандар жоқ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз. Елдегі эпиджағдай жіті бақылауда, сондықтан алаңдауға негіз жоқ деп отыр жауапты органдар.

«Омикрон» штамы пандемия кезіндегідей қауқарлы емес. Сырқат жеңіл түрде өтеді. Сондай бірадамзатқа қауіп төндіріп жатқан жоқ. Жалпы біздің елімізде жағдай тұрақты. Сол үшін алаңдап, аурудың үлкен бір толқыны келе жатыр, байқаңыздар деп, дүрбелеңге салдырайын деген ой жоқ», - дейді ҚР ДСМ Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің басқарма басшысы
Жасұлан Алпысбаев.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ковид-19 пандемиясын ресми жарияғалы бес жыл өтті. Осы уақыт ішінде әлемде 700 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 7 миллионы көз жұмған екен. Бұл адамзат тарихындағы ең қатерлі індеттердің біріне айналды. Бұрын‑соңды болмаған шектеу шаралары қабылданып, халық бірнеше уақыт міндетті карантинде болған еді. Сол себепті көпшіліктің алаңдауы — заңдылық.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар