Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтаудағы ұшақ апаты: көлік министрі тергеу жайлы мәлімдеме жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: көлік министрі тергеу жайлы мәлімдеме жасады
Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Көлік министрі апатқа қатысты жиналған материалдардың зерттеліп жатқанын айтты

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау қаласында былтыр желтоқсан айының соңында болған әуе апатына байланысты тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта апатқа қатысты жиналған материалдар зерттеліп жатыр. Айта кетейік, бұл жұмыс Қазақстан аумағында жүргізілуде.

«Кез келген тергеу бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — тиісті материалдарды жинау. Бұл кезең аяқталды. Қазір біз екінші кезеңдеміз, яғни жиналған материалдарды зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Қарабаев.

Ол, сонымен қатар, бірнеше елдің мамандарының қатысуымен бірқатар зерттеу жұмыстары өткенін жеткізді.

«Біздің мамандар шетелдік сарапшылармен бірлесіп Бакуге, Грозныйға және Ростов-на-Донуға барып, ортақ зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі сәтте айта алатыным — осы», – деді министр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар