Тоқаевтан сөгіс алған көлік министрі отставкаға кетпейтінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 мамыр, 2025
- 153

Бүгін сенат кулуарында көлік министрі журналистердің сұрағына жауап берді. Оны президент Қасым-Жомарт Тоқаев сынға алып, сөгіс жариялаған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министр өз саласына айтылған сынды қалай қабылдағанын айтты.
"Мемлекеттік қызметшінің мемлекет басшысының шешімін талқыға салуға құқығы жоқ. Біздің министрлікке, министрлік қызметкерлеріне келетін болсақ, бізге президент жүктеген міндетті уақытылы әрі сапалы орындау үшін бәріміз жұмыла жұмыс істейміз. Осы мемлекеттік органның бірінші басшысы ретінде маған артылған сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын", - деді министр.
Бұдан басқа ол отставкаға кету туралы сұраққа жауап берді.
"Президенттің барлық тапсырмасын сапалы әрі уақытында орындауға ден қоямын", - деді Марат Қарабаев.
Талдықорған маңында жер сілкінісі болды
Ұқсас жаңалықтар
Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қамауға алынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 маусым, 2025