«Көп мөлшерде қан кеткен»: Шерзаттың өліміне қатысты сотқа Бишімбаев ісі бойынша танылған сарапшы шақырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:44
- 50

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында сарапшы ретінде Тахир Халимназаров шақырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сарапшы жасөспірімнің өліміне кеуде қуысындағы жарақаты себеп болғанын айтты.
“Өлімге кеуде қуысындағы кесілген жарақат себеп. Жарақат арқылы өкпе жыртылып, ішіне көп мөлшерде қан кеткеннен көз жұмған. Ал қалған анықталған бетіндегі қанталау мен сызаттар олар – сыртқы жарақаттар. Яғни, денсаулыққа зиян келтірмейді”, – дейді сарапшы.
Сонымен қатар, ол Шерзат Полаттың көп қан жоғалтқанын және кеуде қуысынан 1,5 литр қан анықталғанын жеткізді.
“Мәйітті зерттеген кезде кеуде қуысында 1,5 литр қан анықталған. Жалпы 500-600 милилитрден кейін адамның жағдайы ауырлайды. 1 литрге дейін қан кеткенше көмектескенде аман алып қалуға болар еді. Бұл жерде өкпе кесіліп, қан ішке кетіп қалған. Сол үшін аман алып қалу мүмкін болмаған”, – дейді Тахир Халимназаров.