Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда бойжеткен терезеден құлап қаза тапты: куәгер қыздың бірі өз нұсқасын айтты

Алматыда бойжеткен терезеден құлап қаза тапты: куәгер қыздың бірі өз нұсқасын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Ақнәр Гүлстанның құрбыларының адвокаты баспасөз мәслихатында өз нұсқасын айтты

Бүгін 23 мамырда Алматыда терезеден секіріп қаза тапқан Ақнәр Хамитованың өлімі бойынша куәгердің адвокаты баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол өз қорғаушысының көрсеткен нұсқасы бойынша айтты. 19-нан 20 шілдеге қараған түні Ақнәр Гүлстан, Дидар Мұқият және Рано Асқар үшеуі жиналып, пәтерде көңіл көтерген. Қыздар ән айтып, билеген.

Адвокаттың сөзінше, түнде Ақнәр теледидарды сындырған. Содан кейін ол біртүрлі әрекет көрсете бастаған. Бейнежазбада ол еденде жатып, Құран сүрелерін оқығаны көрінеді. Сол уақытта оны Рано мен Дидар қолын ұстап, тыныштандырмақ болады.

Адвокаттың айтуынша, күші келмеген соң Рано мен Дидар басқа бөлмеде тығылып қалады. Қыздардың біреуі оның туыстарына хабарласып, олардың келуін өтінген. Олар бөлмеден қайта шыққанда Ақнәр пәтерде болмаған. Терезеден қарағанда ғана құрбыларының жерде жатқанын көреді.

Тексеру жұмыстары жалғасуда, қажетті сараптама жүргізілуде.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар