Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

24-26 мамыр аралығында еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

24-26 мамыр аралығында еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
gazonov.com
"Қазгидромет" қай өңірде күн күрт суытатынын болжады.

"Қазақстанның солтүстік өңірлеріне ыстық жаз бір келмей-ақ қойды. Ел аумағының басым бөлігіне жаңбыр мен найзағай әкелген циклоннан кейін енді солтүстіктен антициклон жылжып келе жатыр. Ол батыс аймақтарда жауын-шашынның тоқтауына және солтүстікте ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болады", - деп түсіндірді синоптиктер.

25 мамырда Батыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, ал 26 мамырда Павлодар облысында түнгі уақытта 1-3 градус үсік  жүреді деп күтіледі.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар