
"Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды (26 наурыз 1974 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы) — қазақстандық дипломат, мемлекеттік қайраткер, 2025 жылдан бастап Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. Бұрын Шымкент (2013—2015) пен Түркістан облысының әкімі (2022—2025) болған.
Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған.
2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған.
2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған.
2011-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.
2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.
2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған.
2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
2025 жылғы 6 қаңтарда Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылып, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.