
Ол ашықтық, әділдік және тұрғындармен шынайы диалог қашан да маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар жұмысы көлік жүйесін дамыту және қоршаған ортаны жақсарту, тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі, экономиканың тұрақты дамуы және кәсіпкерлікті қолдау, қолжетімді және сапалы білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, ашықтық, диалог және есеп беруге негізделетінін айтты.
«Алматы – тез өзгеріп, дамып жатқан қала. Сондықтан әкімдік пен қала тұрғындары арасында тұрақты әрі ашық диалог болуы маңызды. Мен бұдан былай аудандарды тек арнайы дайындалған, алдын ала келісілген маршруттармен араламаймын. Қаланың шынайы өмірімен танысу үшін аула, мектеп, базар мен көшелерге күтпеген жерден барып, жағдайды көзбен көруге тырысамын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тұрғындармен тұрақты диалог және қала дамуында қабылданатын шешімдердің ашықтығы арқылы іске асыруды қамтамасыз етуге міндеттенемін», – деді Дархан Сатыбалды.