Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда терезеден құлап қайтыс болған Ақнәр Гүлстанның ісі: екі құрбысы өз нұсқасын айтты

Алматыда терезеден құлап қайтыс болған Ақнәр Гүлстанның ісі: екі құрбысы өз нұсқасын айтты
Сурет: buginmedia.kz
Ақнәр Гүлстанның туыстары оның өліміне сол түні қасында болған құрбыларының қатысы барын алға тартты

Алматыда көпқабатты тұрғынүйдің терезесінен құлап қайтыс болған Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тергеу ісі бір жылдан бері жалғасып келеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл ісі қоғамда үлкен резонанс туғызды. 

22 жастағы Ақнәр Гүлстанның өліміне туыстары сол кезде бірге болған құрбыларының бұл іске қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Олар қайғылы оқиға болған түннен түсірілген жантүршігерлік кадрларды жариялады.

Марқұмның анасы президентке үндеу жолдап, тергеудің созылып кеткенін айтты.

Осыдан кейін полиция тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын және істің барысын Алматы қалалық полиция департаменті басшылығы жеке бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. 

Ақнәр Гүлстанның құрбыларының бірінің атынан адвокат Жандос Палманов баспасөз конференциясын өткізді. Ол жерде қыздардың кінәсіздігін жеткізіп, өз нұсқасын айтты.

Екі қыздың кінәсіздігін дәлелдеу мақсатында бірнеше бейнежазба ұсынды. Ал әлеуметтік желіде тараған жантүршігерлік кадрлар монтаждалғанын алға тартты. Сондай-ақ, ол оқиғаның қалай басталғанын айтады.

“Қыздар бұған дейін дәмханада кездесіп, жақсы көңілді күймен үйлеріне қайтып, өздерімен бірге тамақ алып кеткен. Келесі күні олардың өз ішіндегі қытай тіліндегі чатында марқұм Ақнәр бір жерге барып ішімдік ішуді ұсынған. Сөйтіп олар менің қорғауымдағы Дидар жалдаған пәтерде жиналады. Сол жерде ішімдік ішіп, қыздар арасындағы мәселелерді талқылай бастайды. Бір кезде Ақнәр Гүлстанның көңіл күйі бұзыла бастағаны байқалады. Ол жылап, шашын жұлып, басын қабырғаға ұрады. Сол кезде менің клиентім де, оның құрбысы да Ақнәрді сабырға шақыра бастайды, – деді Жандос Палманов.

Адвокаттың сөзінше, ішімдік ішкеннен кейін Ақнәр өзін тастап, басқа қызға кеткен жігітіне бармақшы болған. Бірақ құрбылары оны бұл райынан қайтаруға тырысқан. Куәгер қыздардың айтуынша, Ақнәр терезеден секірген сәтті ешқайсысы көрмеген: біреуі асүйде, екіншісі дәретханада болған.

Бірақ сот-медициналық сараптамада марқұмның қанынан этил спирті табылмаған. Алайда Жандос Палманов бұл мәселенің анық-қанығын әлі зерттеу керегін айтты.

Ал бейнежазбаны қыздар өздерінің қауіпсіздігі үшін түсіргенін айтады. 

“Адам өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түсірген. Қазір жәбірленуші тарап бізге қысым жасап жатыр. Олар: «Қинады, тырнағын сындырды, шашын жұлып, жеккөрінішпен қарады» дейді. Сол себепті менің қорғауымдағы қыз өзін қорғау үшін бәрін видеоға түсіріп отырға, – деп түсіндірді адвокат.

2024 жылы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы КИМЭП студенті көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған. Тергеу бұл оқиғаны бастапқыда “суицид” ретінде тіркеген. Алайда марқұмның туыстары Ақнәрдың өліміне дейін қатыгездікпен азапталғанын және оны терезеден көршілері лақтырып деп есептейді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар