Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Жүрек тұсына шампур тыққан”: жасөспірім бітіру кешінде сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді

“Жүрек тұсына шампур тыққан”: жасөспірім бітіру кешінде сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді
Сурет: orda.kz
Бітіру кешін тойлаған түлектер ішімдік ішкен

Жасөспірімдер мектеп бітірулерін атап өтпек болып, коттедж жалға алған. Олардың кейбіреулері алкагольдік ішімдік ішкен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Түлектердің арасында біреуі агрессия танытып, қалғандарын қорқытқан.

Шудан кейін кейбіреуі үйлеріне қайтып кетеді. Арасында ішімдік ішпеген біреуі қызды қорғау мақсатында сыныптасын сабырға шақырған. Сол сәтте  шампурды оның жүрек тұсына сұғып алған. 

Жігіт жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмады. 

Ал күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. 

Аймақтық полиция департаментінің хабарлауынша, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне салғырттық танытқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар