Мұғалімге Ш-дан басталатын сөз айтқан: НЗМ оқушыға қатысты шешім шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 мамыр, 2025
- 737

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқудан шығарылған 11-сынып оқушысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
НЗМ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин оқушымен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен кездесу өткізгенін мәлімдеді.
"Кездесу барысында бұған дейін қабылданған шешім қайта қаралып, тараптар өзара түсіністікке келді. Назарбаев зияткерлік мектебі өз шешімін өзгертпейді, оқушы мектептен шығарылып, мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды. Оқушының ата-анасы тарапынан ешқандай қарсылық жоқ", - деді ол.
НЗМ өкілі мұғалімдерге құрметпен қарау – қатаң сақталатын талап екенін атап өтті.
"Дегенмен мұғалімдерге құрметпен қарау – мектеп үшін өзгермейтін және қатаң сақталатын талап. Қоғамның бұл мәселеге бей-жай қарамай, белсенділік танытқанына алғыс білдіремін. Біз кері байланысты және ашық диалогты жоғары бағалаймыз", - деді НЗМ өкілі.
Айта кетсек, 23 мамырда 11-сынып оқушысы Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінен оқудан шығарылды. Оған емтихан кезіндегі тәртіп сақтамай, мұғалімге "Ш"-дан басталатын сөз айтқан.