Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында оқушы сыныптасының жүрегіне шампур тығып алған: мектеп директоры қызметінен кетті

Алматы облысында оқушы сыныптасының жүрегіне шампур тығып алған: мектеп директоры қызметінен кетті
Сурет: ашық дереккөздерден
Вице-министр күдікті қамауға алынып, мектеп директорының қызметінен кеткенін мәлімдеді

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Алматы облысында мектеп бітіруші түлектің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әділов күдікті қамауға алынып, мектеп директоры қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

«Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себеп-салдарын жою туралы ұйғарым енгізілді. Мектеп директоры қызметінен босатылды. Оқу ісінің меңгерушісі мен екі сынып жетекшісіне қатаң жаза қолданылды. Барлық мән-жай тергеу барысында анықталады», – деді ол.

Айта кетсек, Алматы облысында мектеп оқушысы сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдай мектеп бітіру кеші кезінде болған. Кеш барысында екі сыныптас арасында жанжал туындап, оның бірінде бірі екіншісіне шампур сұғып алған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар