Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ұл бала қалаған»: ер адам қызға жүкті әйелін бауыздап тастады

«Ұл бала қалаған»: ер адам қызға жүкті әйелін бауыздап тастады
Сурет: CC0 / Astrid Pereira /
33 жастағы ер адам әйелінің қызға жүкті екенін білгенде көңілі қалған

Нью-Йорк штатында 33 жастағы ер адам жүкті әйелін өлтіріп, екі қызына пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі New York Post-қа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде Мейсонвилл қаласында болған. Ер адам әйелінің ішіндегі баланың қыз болғанына ашуланып, оны аяусыз өлтірген. Осыдан кейін ол 6 жастағы Иззи мен 9 жастағы Аделина есімді қыздарына пышақ сілтеген. Екі қыз тірі қалғанымен, ауыр жарақат алған.

Тергеу кезінде Гарнье өз кінәсін мойындап, ұл баланың орнына тағы да қыз туылатынын естігенде көңілі қалғанын айтқан.

Сот оны 30 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, түрмеден шыққан соң 15 жыл бойы бақылауда болады. Ер адамға 2056 жылға дейін қыздарымен байланыс орнатуға тыйым салынды.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар