Трамп Гарвард университетіне грант беруді тоқтатпақ: министр пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 мамыр, 2025
- 91

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Трамптың Гарвард университетіне грант беруді тоқтату шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол дүрбелеңге түспей, соттың шешімін күту керек.
"Барлық тиісті сауалды жолдадық. Қазіргі сот талқылауы жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысы 29-ына белгіленген. Дүрбелеңге түсуге әлі ерте. АҚШ-та сот сатысы шешім қолдау табатындығына немесе заңды күшіне енетіндігіне қатысты қорытынды форматты айқындауы мүмкін. Сондықтан да қазір соттың ресми шешімін күту маңызды", – деді министр.
Қазіргі кезде «Болашақ» бағдарламасымен Гарвардта 7 қазақстандық білім алып жатыр. Егер шектеу енгізілсе, онда азаматтарды өзге университеттерге оқуларын жалғастыра алатынын жеткізді.
«Плюща лигасында бір емес 9 университет бар және олар шамалас деңгейде. Студенттер аталған ЖОО-лардың бірінде стипендия тағайындалған мамандық бойынша оқуын жалғастыра алады», - дейді ол.