Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбелік 34 жастағы әйел 12-ші баласын дүниеге әкелді

Ақтөбелік 34 жастағы әйел 12-ші баласын дүниеге әкелді
Ақтөбе әкімдігі
16 жасында тұрмысқа шыққан Айым Сүйеуқұлова 5 қыз, 7 ұлдың анасы.

Шалқар ауданында тұратын Айым Сүйеуқұлова 24 мамыр күні он екінші баласы — Мұхаммед-Әлиді өмірге әкелді. Салмағы — 3400 грамм.

Ол 16 жасында тұрмысқа шыққан. Қазір күйеуімен бірге 5 қыз бен 7 ұл тәрбиелеп отыр. Отбасы аудан орталығында пәтер жалдап тұрады. 7 баласы мектепте, 2 бала балабақшада оқып жүр.

 Жергілікті әкімдік отбасыға ауылға көшуді, үй мен мал беруді ұсынып отыр. Мақсат — бала саны азайған ауыл мектебін қолдау.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар