"Шымкентте күйеуі әйелін терезеден лақтырып жіберді": анасыз қалған 7 баланың қазіргі жағдайы белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 161

Шымкенте белгісіз жағдайда қаза тапқан 42 жастағы әйелдің 7 баласының қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жетім қалған 7 балаға халық жиылып, 3 бөлмелі пәтер алып берген болатын.
"7 баланың халі қалай? Директке көп келетін сауалдың бірі осы. Шымкенттегі анасыз қалған 7 баламен өзім күнара сөйлескенімен жаңалығын сіздермен бөліспегелі көп болды. Балалардың бәрі сол барша оқырманым жиылып әперген 3 бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Қос әпкесін өмір тез есейтті. 5 бауырдың қамымен біреуі жұмыс істеп, бірі үйге, балаларға қарап тірлік кешуде. 3 бала мектепті жақсы тәмамдады. Алғыс хат алыпты. Кішкентай Бакалек пен Жанека ойнағандарына мәз. Сырт көзге бәрі бұрынғыдай, ұйып отырған бауырмал отбасы. Айтпақшы, өз әйелін ұрып-соғып терезеден лақтырды деп күдікке ілінген 7 баланың әкесіне қатысты сот кеше басталды. Сотталсын деп ешкімге тілемеуші ем, амал нешік?!”, - деп жазды журналист.