Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Есіктері ескі, едені тесік, әйнегі бүлінген»: алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтерінің сапасын көрсетті (ВИДЕО)

«Есіктері ескі, едені тесік, әйнегі бүлінген»: алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтерінің сапасын көрсетті (ВИДЕО)
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
85 миллион теңгеге пәтер сатып алған қазақстандық оның сапасына шағымданды

Қазақстандық 85 миллион теңгеге RAMS Qazaqstan құрылыс компаниясына тиесілі Grand Vie тұрғын үй кешенінен сатып алған пәтерінің сапасына шағым түсірді. Бұл туралы  адвокат Анна Чернова  жазды, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Адвокаттың айтуынша, қымбат бағаға алынған пәтер "элиталық" стандартқа сай болмай шыққан. Терезелері қисық орнатылған, әрі дұрыс жабылмайды дейді.

"Бұл терезелерді ауыстыру үшін тағы 4 миллион теңге жұмсауым керек. Ескі қоймадан әкеліп орнатып қойғандай. Бірақ 85 миллион теңге төлеп, тағы да неге ақша құюым керек? Бұл компания элиталық тұрғын үй сататынын айтып, сендірген", – дейді ол.

Бұл жағдайдан құрылыс компаниясы хабарлар болғанымен, ешқандай кері байланысқа шықпаған. Бұған ұқсас жағдайды Михаил Козачков Telegram-арнасында осыған ұқсас оқиғаны жариялады.

"Жарнамада көрсетілген пәтер мүлдем басқаша. Есік пен терезе жақтаулары зақымдалған, бұрандамен бекітілген. Әйнектері шытынап тұр. Балкондағы қоршау қабырғаға жақын емес, бірнеше сантиметр алыс тұр. Пәтер қалай болса, солай салынған", – дейді журналист. 

Шағым білдіруші Нұрсұлтан Әлібаев қабырғаларды, еден төсеніштерін, жылыту радиаторларын, құбырларды және желдету жүйелерін тексеру кезінде көптеген ақаулар анықталғанын айтады.

"RAMS компаниясы пәтер сапасыз салынса, онда қайта тұрғызуы керек. Не болмаса өтемақы төлеуге тиіс. Клиенттер біреудің қатесі үшін бағалаушыларға жүгініп, сотқа жүгіруге міндетті емес. Актер @burakozcivit жарнамалаған 40 қабатты RAMS Beyond жобасы да алаңдаушылық туғызады. Ол Алматыда, Тимирязев – Сейфуллин қиылысында салынады", – дейді заңгер.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар