«Маңызды сәттерде жанынан табылайық»: прокурор Айжан Аймағанова балаларын көрсетіп, көпшіліктің жүрегін елжіретті
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 979

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова бала тәрбиесін және өзінің қандай ана екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол Instagram парақшасында отбасындағы қуанышымен бөлісіп, видео жариялады.
«Қызым бастауыш сыныпты аяқтады. Бұл менің соңғы жылдары қатысқан санаулы шараның бірі.
Мен баламның әрбір ертеңгілігіне қатысатын, сынып өміріне араласатын ана болмадым. Балаларым мектепке өздері барып келеді. Кейде бірнеше автобуспен жүреді. Ал кішісін дайындықтан өздері алып кетеді. Мен олардың бәрін өздері игеріп жүргенін мақтан тұтамын. Бірақ кейде жанында болу да маңызды екенін түсінемін.
Балаларым мемлекеттік мектепте оқиды. Кейбіреулер таңғалып жатады. Мен үшін балалардың қайда оқып жатқаны маңызды емес. Сол ортадан не үйреніп жүргені: білім, дағды, мінез қалыптастырғаны маңызды.
Балаларды қорғау күні қарсаңында тағы бір рет өзімізге ескерту жасағым келеді: балаларға бей-жай қарамаңыздар, оларды тыңдайық, естиік, жанында болайық. Күнде болмаса да, шынымен оларға маңызды сәттерде жанынан міндетті түрде табылайық», - деп жазды ол.