Қоғам
«40 градус ыстық»: 1-2 маусымға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 мамыр, 2025
- 400

Елімізде жақын күндері күн ысиды.
Синоптиктер елімізде 1-2 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай, екпінді жел болады. Күндізгі уақытта бұршақ күтіледі.
1 маусым күндіз республиканың оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 2 маусымда батысында, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында қатты ыстық басылады деп күтілуде.
Басқа өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылауы мүмкін. Күндіз еліміздің орталығында, оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады деп болжануда.