
Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай беретінін айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тоқаев Х әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жазба жариялады.
“Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – делінген жазбада.