Қоғам
«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды»: жаз айының алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 маусым, 2025
- 99

1-2 маусым күндері елімізде нөсер жаңбыр жауады.
Синоптиктер жаздың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ жел күшейеді. Ал күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
1 маусым күні оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда, 2 маусымда батыс пен оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Батыс пен солтүстік-батыста аптап ыстық бәсеңдейді. Ал қалған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Елдің орталығы мен оңтүстігінде күндізгі уақытта 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр.