Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде жоғалып кеткен нефролог-дәрігер өлі табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен нефролог-дәрігер  өлі табылды
Сурет: ашық дереккөздерден
Ақтөбеде нефролог-дәрігер кісі қолынан қаза тапқан

Ақтөбе облысында белгілі нефролог-дәрігер Абай Айсағалиевтің денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Диапазонға» сілтеме жасап.

Дәрігер 23 мамыр күні із-түссіз жоғалып кеткен. Оны іздеуге еріктілер де қосылған. Белгілі болғандай, оның кісі қолынан көз жұмғаны белгілі болды. 

Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.

«Ақтөбе қаласында бұрын хабар-ошарсыз кеткен 1956 жылы туған ер адамды өлтірді деген күдікпен 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу мүддесі үшін басқа да мәліметтер жария етілмейді»,–делінген хабарламада.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар