Қоғам
Шерзат Полат ісі: прокурор айыпталушыларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін жаза беруді сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 маусым, 2025
- 1.1k
Шерзат Полат өліміне қатысты сотта жарыссөз өтіп жатыр
Талғарда төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың ісі бойынша жарыссөз кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай 9 айыпталушыларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін жаза беруді сұрады.
▪️Абзал Шынасылға – 23 жыл;
▪️Равиль Сәкиевке – 20 жыл;
▪️Азамат Тоқтаубаевқа – бұрынғы жазасын қосқанда 15 жыл;
▪️Нұрқияс Ілиясов – бұрынғы жазасын қосқанда 9 жыл;
▪️Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысына 7 жылдан;
▪️Думан Ысқаққа – 1 жыл 6 ай.
Күдіктілер адам өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қылмысқа дайындалу және оқталу, қылмыс туралы хабарламау баптары бойынша айыпталады.




