Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жас баланың тәрбиесін дұрыс жүргізбегені»: Абзал Шынасылдың адвокаты Шерзаттың әкесін сынады

«Жас баланың тәрбиесін дұрыс жүргізбегені»: Абзал Шынасылдың адвокаты Шерзаттың әкесін сынады
Сурет: ашық дереккөздерден
Абзал Шынасылдың қорғаушысы жас баланың тәрбмесін дұрыс жүргізбеді деп Қаржаубай Нұрымовты айыптады

Сот отырысында Абзал Шынасылдың адвокаты Әбенов Шерзат Полаттың тәрбиесіне қатысты айтып, қылмыс сырадан басталғанын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Адвокаттың айтуынша, сол түні төбелестің басталуына әкесінің жасөспірімге тәрбие дұрыс жүргізбегені себеп болған.

«Қылмыс ең бірінші сырадан басталды. Оның ақшасы төленді ме, жоқ па, бізге аса маңызды емес. Ол тек сылтау деп есептейміз. Төбелестің басталуына жас баланың тәрбиесінің дұрыс жүргізбегені, ол баланы әкесі саудаға араластырғаны да дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ әрбір отбасының өзінің қолында. Дегенмен соған байланысты болды ма деп қорқамын. Еті қызу, албырт жас жігіттің Дархан Әскентайға қол жұмсаған дене жарақатын келтіріп, қанын ағызған», - деді ол.

Сондай-ақ, Қаржаубай Нұрымовтың төбелесті тоқтата алмағанын айтты.

«Қаржаубай Шерзаттың достарының жиналуына жол беріп қойды. Олай болмағанда екінші тараптан келген балалар тоқтата алар ма еді. Сотталушылар ол балаларды көріп, «біз де қарап қалмайық» деп ойлаған», - деді адвокат.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар