
Қайрат Нұртастың әйелі бесінші сәбиіне жүкті
Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиіне жүкті екенін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, оның бұл жылға басқа жоспары болған екен.
“2025 жылға менің жоспарым болған. Алайда оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы”, – дейді Жұлдыз.
Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.