Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«6 жыл бойы көзіме шөп салған»: белгілі коучтың әйелі күйеуінің бар былығын ашты

«6 жыл бойы көзіме шөп салған»: белгілі коучтың әйелі күйеуінің бар былығын ашты
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Нұрлан Жанайдың әйелі күйеуінен қорлық көргенін айтты

Белгілі коуч Нұрлан Жанайдың әйелі күйеуінен қорлық көргенін айтып, оның былығын жайып салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Блогер келіншектің айтуынша, күйеуі оның көзіне шөп салған. 

“Мен – екі баланың анасы, көпшілік алдында өзін "энерго-коуч", бизнес тренер, "адамдарға өмір үйретуші" деп таныстырып жүрген Нұрлан Жанайдың әйелі болдым. Бұл жазбаны жазбасқа амалым қалмады. Себебі үндемеу – жәрдем беру. Ол маған жай сатқындық емес, зорлық, эмоционалды абьюз, қаржылық қиянат, және ең бастысы – екі баласына жауапсыздық танытты. Қазір ол мені барлық жерде блоктап, үнсіз қалды. Халыққа "мотивация" айтып жүрген адам, өз әйеліне, өз балаларына жауап беруден қашып жүр. 4 күн бұрын оның телефонын кездейсоқ қарап , ассистенті – жас қызбен интимдік хаттарын оқып қалдым. Сол қыз сол күні менің үйімде болды– шай ішті, балаларыма "әпке" болып еркеледі, күліп-ойнап отырды. Бірақ үйден шыққан соң, екеуі қонақ үйге барып, ішіп, төсектес болған”, – дейді блогер-келіншек. 

Бұдан бөлек Нұрлан Жанай әйелін ұрып-соққан көрінеді. Әйелі өзінің атынан несие рәсімдеп, қарызға батырғанын айтады.

“ Хаттарды оқи келе, бұл – жай бір реттік оқиға емес екенін түсіндім. Бұрыннан бері жалғасып келген, жүйелі түрде кездестіме қазір бәрін бір Алла біледі. Анығы мен иллюзияда өмір сүріппін. Айналамның бәрі білген. Достары да білгенін айтып жатыр. Қыздарға жазған хабарламалары, скриндері бар. Балаларым үшін ғана салмай отырмын. Өте жиіркенішті. Ол жүйелі түрде 6 жыл бойы көзіме шөп салған. Мені ұрып-соққан. Қаржылық тұрғыда мені қарызға белшеден батырған. Өз көмекшісі-ассистентімен төсектес болған. Соңғы үш күнде TikTok-та, Instagram-да ондаған қыз "Бұл сіздің күйеуіңіз емес пе?" деп жазды. Сөйтсем, бәрі рас екен. Қыздарға қонақ үй, ұшақ, қала-қалада жолақысын төлеп, бәрімен жатып жүрген. Ал мен қайда болдым осы кезде?! Үйде. Бала тәрбиелеп. Оған сеніп, оның беделі үшін өзімді құрбан еттім. Тек жүрегімді емес, өмірімді де құртты. Ол тек сатқын емес. Ол – мені қарызға батырып кеткен адам. Шоттары бұғатталған соң, көлікті менің атыма рәсімдеп, кейін ломбардқа қойып жіберді. Енді көлік те жоқ, ақша да жоқ. Арыз жазсам ба, жоқ па деп жүргенде, қарыз берген адамдар маған хабарласып, қорқыта бастады. Мен екі баламен, жылап отырған әйел емеспін – қазір мен күресіп жатқан анамын”, – деді бизнес-тренердің әйелі. ”, – деп жазды Нұрлы Оқас.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар