Қазақстанда түрмеде отырғандарға рақымшылық жасалады: депутат кімдер ілігетінін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 маусым, 2025
- 95

Бүгін мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын қарады. Депутаты Абзал Құспан бұл амнистияға кімдер ілігуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутатының айтуынша, алдын ала болжам бойынша амнистия ең алдымен сотталған азаматтардың осал санаттарын қамтиды.
"Әзір айтуға ерте, бірақ бұл (заңның қабылдануы – еск.) депутаттар бастамасымен көтерілді. Біз бұл заң жобасын бүгін ғана жұмысқа қабылдап отырмыз. Әзірге нақты айту ерте. Алдымен амнистияға әлеуметтік жағынан осал топтар ілігеді. Бірінші кезекте бұл – зейнеткерлер, кәмелетке толмағандар, балалары бар аналар, қылмыс жасаған сәтте балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған әкелер және тағы басқалар. Негізінен, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға амнистия жасау – классикалық нұсқа", – деді депутат Абзал Құспан.
Сондай-ақ, ұрлық пен алаяқтық бойынша келтірілген залал өтелсе – олар да амнистияға ілігетінін айтты.