Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төреғалидың қарындасы: Арасында ағамды маған ұнамайтын мінезі үшін ұрысып тұрамын

Төреғалидың қарындасы: Арасында ағамды маған ұнамайтын мінезі үшін ұрысып тұрамын
ашық дереккөз
Әншінің қарындасы Төреғалиді бұзықтығы үшін анасының қалай жазалағанын айтып берді
Фариза Төреәлінің айтуынша, ағасы кішкене кезінде картоппен бірге үйде бар ірімшіктің бәрін қуырып анасынан ұрыс естіген. «Ағабай. Қамқоршым. Неге екенін білмеймін, кішкентай кезімнен «ағабай» деп атап кеткем. Бұл кісіні қатты жақсы көремін, сыйлаймын! Біле білген адамға өте ақкөңіл, шынайы, намысшыл, нағыз ер азаматтың бойында болуы қажет қасиеттердің бәрі бар, әділетті, жанашыр, бауырмал. (Жұрт дымды білмейді, бірақ ойға келгенді айтады, өкінішті). Ағам болған соң мақтап жатқаным жоқ, расымен сондай! Кейде «неге сонша ақкөңілсіз» деп ұрысып қоямын. Артында жаман пиғылы жоқ ағам ғой. Балалық шағымыз тіптен естен кетпейді», - дейді әншінің қарындасы. Сондай-ақ, ол бала болып бірге ойнаған ағасының бүгінде үш қыздың әкесі екенін айтып өтті. Естеріңізге сала кетсек, әнші тойын 2017 жылы жасады. «Әйтеуір менің мұрным таңқиып алып, ағаммен, сіңіліммен бәрін бүлдіріп жүретінбіз. Бір күні анам мен әкем жұмыстарымен кетіп қалған болатын, үйде тек үшеуміз қалдық. Тамақ жасаймыз деп шештік, ағам картоп қуыра бастады. «Сыр» қатты жақсы көреді, сол үшін 1 кг сырды қосып жібердік. Елестетіп көріңіздерші, картоппен көп сырды. Оны қойшы, тойып жеп алдық, үйге анам келіп көрді. «Күшті концерт болды аяғында». Печеньені отқа күйдіріп жеуші едік, тамақ жоқтай. Ас ішуге анам шақырса, ас үйге ушеуіміз «паровозик» болып баратынбыз жабысып. Кейде осының барлығын есіңе алып, уақыттың судай ағып жатқанын түсінесің. Бір кездері бала болып ойнап жүрген ағам қазір үш қыздың әкесі. Жаным ағам, тек аман болыңызшы!» - деп жазады қарындасы. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар