Басты жаңалықтар
Мақпал Жүнісова: Дуэт айтқан жігіттерді үйіме шайға шақырған емеспін
- автор kyn.kz
- 16 шілде, 2018
- 326
Әнші сахнадағы әріптестерімен көңіл жарастырғысы келмейтінін сөз қылды.
Мақпал Жүнісова жас әншілермен жұптасып ән орындаудан еш әбестік көрмейтінін айтты. Тек сахнадағы сезімнің шынайы махаббатқа ұласқанын қаламайды екен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап.
«Бұл – сахна, өнер. Ал біз - әртіспіз. Әншілердің жазылған әндерді жұптасып айтуы театр іспеттес. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Әрі қарай бүлініп кетпесе болды. Ойыннан от шығады демекші, өнер адамдары, біздер, махаббат туралы ән айтқан кезде образға кіріп кетеміз. Сол кезде жұптасып айтқан әншілермен қатты жақындаспау керек», - дейді әнші.
Сондай-ақ, Мақпал Жүнісова өзінің ешуақытта дуэт айтқан әншілермен етене жақын араласпағанын жеткізді.
«Сахнада ән айтып, олармен достасып, қайта-қайта кездесіп, үйіңе шақырып жүрсең, бұл шынайы махаббатқа ұласып кетуі мүмкін. Өйткені, біз тірі жанбыз, пендеміз. Әсіресе, өнер адамдары сезімге тез беріледі. Менің өзім де қаншама жігіттермен дуэт айтып жүрмін. Олардың ішінде жасы бар, орташасы бар, өзімнен үлкендері де бар. Бірақ, ешқашан мен оларды үйіме шайға шақырмаймын, жақын араласпаймын. Тек саханада тұрып образға берілуім мүмкін», - дейді ол.
Автор: Kyn.kz