Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысында әкесінің бауырларынан жүкті болып қалған 13 жасар қыз босанды

Жамбыл облысында әкесінің бауырларынан жүкті болып қалған 13 жасар қыз босанды
Сурет: baku.ws
13 жасар қыз өзін зорлап келген екі бауырынан бала босанды

Жамбыл облысында марқұм әкесінің бауырларынан жүкті болып қалған 13 жастағы қыз босанды. Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысына іссапармен барған заңгер қызбен атнайы жолыққан. Жазуынша, өз қарындастарын зорлап келген ер адамдардың жасы 35-38 жаста.

«Сапарымызда осы кішкентай қызымызбен жолықтық. Тағдыры өте қиын. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, 1-сыныптан бастап ағалары зорлай бастаған екен. Біздің @onestopservice_1qadam орталықтың адвокаттары оның құқығын қорғайды», - деп жазды ол. 

Еске салсақ, ақпан айында 13 жастағы қызды ұзақ жылдар бойы әкесінің екі бауыры зорлап келгені туралы белгілі болған еді. Зорлық көрген қыз жүкті болып қалған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар