Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар әскерге барудан не себепті қорқады: қорғаныс министрінің орынбасары жауап берді

Қазақстандықтар әскерге барудан не себепті қорқады: қорғаныс министрінің орынбасары жауап берді
Сурет: ашық дереккөздерден
Қорғаныс министрінің орынбасары азаматтардың әскерге барудан неліктен қорқатынын айтты.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов қазақстандықтар әскерге барудан неліктен қорқатынын айтты. Бұл туралы ол сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, еркіндікке үйреніп қалған жастар әскердегі тәртіпке бағынудан қорқады.

"Біріншіден, бұл отбасы, балабақша, мектептен келеді. Ал жастар шынында да қорқады. Олар жайлы өмір сүріп үйреніп қалған. Олар еркіндікке, бұрыннан қалыптасқан тәртіпке бейімделген. Ал әскерде бәрі өзгереді - әрине, қорқыныш тудырады. Бұл қалыпты жағдай.

Ал адам бұл қорқынышты қалай жеңетіні – екінші мәселе. Бұл біздің ортақ, ұжымдық мәселеміз. Және оны бірлесіп шешу керек", - деп жауап берді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Алайда, журналистер қазақстандықтар әскерге барудан сарбаздардың өлімінің болуынан қорқатынын айтты.

"Адам тек қарулы күштерде жүріп қана өлмейді. Адам мектепте де, балабақшада да, өкінішке қарай, жолда да көз жұмуы мүмкін. Сондықтан мен соған ғана екпін қоймас едім. Статистика бар, оны көрсететін формат бар: қарулы күштерде мұндай жағдайлар айтарлықтай азайған", - деді Сұлтан Камалетдинов.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар