Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

290 миллион теңгеге жуық: Шерзат Полаттың отбасына сотталушылар моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді

290 миллион теңгеге жуық: Шерзат Полаттың отбасына сотталушылар моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді
Сурет: ҚР Жоғарғы соты
Сотталушылар Шерзат Полаттың отбасына бірнеше миллион теңге өтемақы төлейтін болды

Шерзат Полаттың жақындарына сотталушылар 285 миллион теңгеден аса моральдық шығын төлейтін болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишімбиева және Жұмабике Қадырова Шынасыл Абзалдан моральдық өтемақы ретінде әрқайсысына 20 миллион теңге өтелетін болды.

«Шерзаттың анасына Белғожаев, Әскентай, Ильясов, Тоқтаубаев, Қалиахмет, Сәкиев және Тоқтаубаевтан ортақ тәртіппен 10 млн теңге моральдық зиян өтелсін. Белғожаев, Әскентай, Ильясов, Тоқтаубаев, Қалиахмет және Тоқтаубаевтан (Азамат) ортақ тәртіппен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 10 миллион теңге моральдық зиян өндірілсін. Жұмабике Кадированың пайдасына Белғожаев, Ильясов, Тоқтаубаев, Қалиахмет және Тоқтаубаевтан (Азамат) ортақ тәртіппен 10 миллион теңге моральдық зиян өтелсін», - деп оқыды судья. 

Азаматтық талапты орындауға Тоқтаубаевтарға, Шынасыл, Сәкиев, Белғожаев, Әскентай, Ильясов және Қалиахметке екі ай мерзім берілді. 

Сондай-ақ, куәгерлер Дана Жақсыгелді, Эльмира Нұрбекова, Қазакенова және Рузбакиевтердің әрекеттеріне назар аударылды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар