Басты айыпталушыға - 23 жыл: Шерзат Полаттың өліміне кінәлілерге сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 маусым, 2025
- 317

Талғарда төбелес кезінде кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сотталушыларға сот үкімі шықты. Судья Ержан Жанұзақов үкімімен Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасыл қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) және 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық) және 24-баптың 3-бөлігі (қылмыс жасауға дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екінші сотталушы Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 99-бабы 3-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша кінәлі деп таныды.
Шыңғыс Белғожаевқа Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша айып тағылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дархан Әскентай 7 жылға сотталды. Ол Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды.
Нұрқияс Ілиясов Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға, ал Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша, ал туысына Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша айып тағылған.
Дидар Қалиахмет Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға сотталды.
Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға сотталды. Ол кәмелет жасына толмаған.
Айта кетсек, алдыңғы сот оытырсында прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейін жаза беруді сұраған еді.