Маңғыстаулық 35 жастағы 12 баланың анасы: жылдан-жылға екі бөлмеге сыймай барамыз
- автор kyn.kz
- 6 маусым, 2025
- 118

Маңғыстау облысында 12-інші перзентін өмірге әкелген алтын құрсақты ана аман-есен үйіне шықты. Алайда Ақмоншақ Жақсылықова балаларым баспанаға сыймай жатыр дейді. Небәрі 35 жасында 12 құрсақ көтерген ана екі бөлмелі үйдің жылдан‑жылға тарылып бара жатқанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Батыр ана сегізінші сәбиін босанғанда жергілікті аудан әкімдігі 2 бөлмелі пәтер сыйлапты. Одан бері бұл отбасыға жаңа мүшелер қосылып, адам саны көбейген. Қуықтай екі бөлмеде кішкентайлар да емін-еркін аунап-қунап ойнай алмайды. Алтын алқалы ананың қазір 2 ұл, 10 қызы бар. Бір қызығы, әулетінің үлкен келіні Ақмоншақ Жақсылықованың туған анасы да, өз енесі де тоғыз баланы дүниеге әкеліпті.
"2020 жылы осы екі бөлмелі пәтерді алдым. Алтыншы баламды босанған уақытымда алтын алқамен қоса берілді. Рақметімді айтамын. Енді осы алдағы уақытта күтіп отырғанымыз – балаларымның алды, міне, 14-ке келді. Өсіп келе жатыр. Соған қарай үш-төрт бөлме берсе деген үміттеміз. Сол — мақсатымыз",-деді көпбалалы ана Ақмоншақ Жақсылықова.