Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қымбат көлік, пәтерлер, 1,8 млрд теңге: "Amanat Draive" жетекшісінің қулығы ашылды

Қымбат көлік, пәтерлер, 1,8 млрд теңге: "Amanat Draive" жетекшісінің қулығы ашылды
Инстаграм
Көңілбай Шүкенов жалған компаниялар ашып, елден жинаған 21 млрд теңгеден асқан қаржыны сыртқа шығаруды жоспарлаған.

«Amanat Drive» атауымен танымал қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушылары азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған.

Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген. Нәтижесінде қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартқан, олардың жалпы салған қаражаты 21 млрд теңгеден асқан.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында, қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы бірнеше деңгейлі заңсыз схема жасаған. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғаларды — «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» ЖШС — пайдаланған.

Аталған компаниялар жалған жеткізушілер ретінде көрсетіліп, жарнама қызметтері, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығына талдау мен болжау жүргізу секілді қызметтерді орындаған болып көрінген. Осы жалған шарттар негізінде 1,8 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған.

Қылмыстық кірістер есебінен жеке тұрғын үйлер, астанада пәтерлер, сондай-ақ HUMMER H2 және Lexus LX570 маркалы қымбат автокөліктер сатып алынған. Бұл мүліктер мүмкін болатын тәркілеуден жасырыну мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды. Қаржы пирамиданың бас ұйымдастырушысы қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, қаржылық пирамида құрғаны үшін қамауға алынған Көңілбай Шүкенов белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға құны 22 миллион теңге тұратын Land Cruiser 200 көлігін сыйлаған еді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар