
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 7 маусымда еліміздің оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Осыған байланысты ҚР ТЖМ найзағай кезінде ел азаматтары өздерін қалай ұстауы керектігін ескертті:
Үйде:
терезелер мен есіктерді жабыңыз;
электр құрылғыларын өшіріңіз.
Көшеде:
ғимартқа кіріңіз;
металл қорғаныш жабындысы мен ағаштың астында тұрмаңыз;
көлікте болыңыз;
мотоциклден/велосипедтен түсіңіз;
қолшатырды ашпаңыз;
ұялы телефонды сөмкеге салыңыз;
киімге металл аксессуарларды тағуға болмайды.
Табиғатта:
биік ағаштардың астына тығылмаңыз;
жар секілді көлегей ойпаттарды паналаңыз;
су қоймаларынан аулақ болыңыз.
"Найзағай жарқылдаған сәтте күн күркіреу қатар жүрсе, онда найзағайдың ошағы жақын тұста деген сөз", – дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.