Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда мәйіті табылған 8 жасар қызды зорлап, өлтіріп тастады деген күдікті ұсталды

Атырауда мәйіті табылған 8 жасар қызды зорлап, өлтіріп тастады деген күдікті ұсталды
коллаж kyn.kz
Көше камераларына қызды осы ер адамның ертіп кеткені түсіп қалған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 8 жасар қыз 5 маусымда үйінен шығып кеткен.
Құлсары қаласындағы көше камерасына ер адамның қызды  ертіп бара жатқаны түскен.

" Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Кейін сот санкциясымен қамауға алынды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. – Елімізде мұндай ауыр қылмыс үшін ең қатаң жаза қарастырылған.

Жасөспірімнің өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барасы Атырау облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауына алынды, -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар