Астанадағы автобус апаты: екі аяғынан айырылған қыздың отбасы көмекке зәру
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:33
- 36

Астанадағы автобус апатынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасы көмекке зәру, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы желідегі парақшасында жазды.
Анасы баласын күту үшін жұмысынан шығып кеткен. Ал төрт баласы әжесінің қолында екен.
Бүгін анасымен сөйлестім. “Алуа түнімен ұйықтамайды, шошып ояна береді. Автобус апаты болғанын енді есіне түсірді” дейді. “Әкімдік пен автопарк өкілдері психолог әкеліп, Алуаға коляска беріп көмектесіп жатыр. Сақтандырумен қашан, қанша өтемақы берілетінінен хабарым жоқ” деп отыр. Төрт бала Астанада, әжесінің қолында. Анасы жұмыстан шығып кеткен, Алуаның қасында. (Кешегі жазбамда зардап шеккен отбасы жайлы толық ақпарат бар). Қиналып отырған отбасыға көмек әлі де керек, – дейді Гүлбану Әниятқызы.
Көмек қолын созғысы келетіндер анасының Каспий банк нөміріне (7 702 029 38 18 – Махабат Т) көмек жолдай алады. Карта: 4400 4303 0919 8254
Еске салсақ, Астанадағы Республика даңғылында автобус ақпараттық тақта тіреуіне соғылды. 15 жолаушы зардап шегіп, үшеуі ауыр хәлде ауруханаға түсті. 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, автобус жүргізушісі қамауға алынды.