Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда бет-әлпетті жауып тұратын киімдерге тыйым салынбақ

Қазақстанда бет-әлпетті жауып тұратын киімдерге тыйым салынбақ
Сурет: pikabu.ru
Елімізде бетті жауып тұратын киім кию кейбір адамдарға ғана рұқсат етіледі.

Сенат отырысында "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңға қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін жауып тұратын киімдерді киюге тыйым салатын түзету енгізу ұсынылды, деп хабарлайды KYN.KZ

Бұл Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.

Аталмыш тыйым салу Қазақстан заңнамасының талаптарын орындау мақсатында қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді атқару кезінде, медициналық мақсатта, азаматтық қорғау шараларында, ауа райының ерекшеліктеріне байланысты, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қолданылмайды.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар