«Жалдамалы баспанада өмір сүреді»: 9 баланың анасы екі ұлын үкіметке өткізу үшін көмек сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 маусым, 2025
- 124

Көпбалалы ана екі ұлын үкіметке өткізуді сұрайды. Айтуынша, олар үйден безіп, жұртты тонап, ұрлық жасайтын көрінеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
8 перзенттің анасы Гүлсанат бұл мәселемен “Дау-дамайсыз” бағдарламасына келген. Журналист Жазира Бегалының жазуынша, көпбалалы ана 9-шы сәбиіне жүкті екен.
«Үлкені біреулерді тонап, шешесі солардың ұрланған затының ақшасын төлеп жатыр. Бұған қоса, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді. Көпбалалы ана жұмыс істемейді. 8 перзенттің әкесі алимент төлемейді. Бірінші топ мүгедегі екен. Гүлсанат 41 жаста. Алматыда сауда үйінде еден жуып, сол жерде күзетшімен көңіл қосады. Ол 9-шы ұлдың әкесі.
Отбасының кірісі мемлекет тарапынан беретін атаулы әлеуметтік көмекке төлейтін қаржы. 130 мың теңге. Ал 8 перзенттің әкесі өзі күтімге мұқтаж . Оның бала-шағасына көмектесуге қауқарсыз . 9-шы баланың әкесі күзетші зым-зия.
Тұңғыш қызы және одан кейінгі қызы кәмелет жасқа толмай жатып, тұрмысқа шығып кетіпті. Ал үйдің үшінші баласы 16 жастағы зіңгіттей ұл. Ол таңғы асты ішіп, көше кезеді.. Гүлсанаттың арманы оларды балалар үйіне өткізу. Бұл отбасыға қайырымдылық қоры үй де берген. Оны Гүлсанат сатып жіберген»-, деп жазды журналист.
41 жастағы әйелді жүкті қылып қойған күзетші хабар-ошарсыз кеткен. Ал бірінші күйеуінің туыстары оған күйе жаққан. Пәтер жалдап тұратын көпбалалы ана ендігіде далада қалуы мүмкін.
«41 жастағы көпбалалы ананың айтуынша перзенттерін жолдан тайдырған достары , олардың ата-аналары екен. Жалдамалы баспанада өмір сүреді.
Өзі 11 сынып бітірген күні тұрмысқа шыққан. Мамандық меңгермеген. Күйеуінің ағасы үш баладан басқасы біздікі емес және ДНК тапсырып, абыройын айрандай қыламын деп ашуланды. Келінге күйеуінің туыстары күйе жаққан. Ал күзетші күйеу хабар-ошарсыз. Бір мәрте ғана баласына жөргек, киім-кешек алып берген екен.