«Ешқандай ұрып-соғу болған емес»: экс-дипломат Сәкен Мамаштың ағасы ерлі-зайыптының қарым-қатынасы туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 маусым, 2025
- 144

Әйелін ұрып-соқты деп айыпталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың ағасы Нұржан Мамаш ерлі-зайыптының арасындағы жанжалға ақша себеп болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол журналистер сұрағына жауап берді. Нұржан Мамаштың айтуынша, олар бақытты өмір сүрген. Тіпті келінінен ұрып-соққаны туралы ешқандай шағым естімеген.
"Олар он бір жылдай бірге тұрды. Ұрып-соқты деген ешқандай шағым болған жоқ. Екеуі бақытты өмір сүрді. Бір ұл, бір қызы бар. Ешқандай ұрып-соғу болған емес. Жылына кем дегенде бір рет Бали, Кариб аралдары, Барселона, Лондон, Парижге демалысқа кететін. Ініміз кеш үйленді. Сол себептен де келінімізді жақсы қабылдадық", – дейді экс-шенеуніктің ағасы.
Нұржан Мамаш Сәкенмен танысқанда Каринаның жасы 15-те болғанын айтты. Сондай-ақ, сол кездері інісімен Каринаның анасы сөйлескен көрінеді.
" Кез келген әке-шеше қызының жақсы жерге, бақуатты жерге барғанын қалайды. Бәрі Карина 15 жаста болған кезде басталған. Екеуі mail.ru желісі арқылы сөйлесіп жүргенде қызының орнына шешесі сөйлескен. Оны айтудан қорықпаймын, өйткені менде дәлелдер бар. Шешесін де түсінуге болады. Дипломаттың айлығы қанша екенін білесіздер. Барлық мәселе – ақшада", – дейді ол.
Айыпталушының ағасы інісінің қайырымдылық қорымен айналысқанын және жыл сайын ораза кезінде жағдайы төмен отбасыларға көмектескенін айтты.
Айта кетсек, 2024 жылғы мамырда экс-шенеуніктің әйелі Карина Мамаш дипломат күйеуінен 10 жылдан бері физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық көріп келгенін айтып видеоүндеу жариялаған болатын.