Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Экс-министр Руслан Жақсылықов өзінің қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Экс-министр Руслан Жақсылықов өзінің қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Сурет: gov.kz, tengrinews.kz скрин
Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов өзінің демалыста екенін мәлімдеді.

Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов өзінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы кейбір БАҚ-та тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Экс-министр бұл ақпаратты Tengrinews.kz бас редакторымен телефон арқылы сөйлесіп, жоққа шығарды.

"Бос сөз. Ең алдымен, ресми дереккөздерге сену керек. Мен демалыстамын. Маған демалуға мүмкіндік берілді. Үш жарым жылдан бері еңбек демалысына шықпадым. Өздеріңіз білесіздер, әскери қызмет сондай болады", – деді Жақсылықов.

Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарына жүгінетінін де мәлімдеді.

"Ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін жалған ақпарат үшін жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін", - деді экс-министр.

Еске салайық, Руслан Жақсылықов 8 маусымда қорғаныс министрі лауазымынан босатылған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар