“Өзің әкеңе велосипед алып бердің бе?”: Фариза Төреәлі қайын атасына неге арзан көлік сыйлағанын түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 маусым, 2025
- 1.0k

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлады. Алайда көпшілік оның арзан екенін айтуда. Блогер себебін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Фариза Төреәлі қайын атасына нарықтағы бағасы 8-9 миллион теңге тұратын көлік сыйға тартқан. Ол не себепті қымбат маркалы көлік бермегенін айтты.
"Біз әдейі осы көлікті сатып алдық. Бұл – ол кісінің алғашқы көлігі. Әзірге үйреніп жүр. Ең бастысы, әкеміз риза. Қалғаны өз уақытында бола жатар", – дейді ол.
Бірақ желі қолланушылары Фариза Төреәліге сыни пікірлер қалдырған. Осы кезде оның әкесі қызына қолдау білдіріп, көпшіліктің сынына жауап берді.
“Жеке пікірінді жеке өзіңе айт. Ал бұл жер көпшіліктің ортасы, ішің тарылып не айтып, сынарынды білмей жазсаң. Өзің әкеңе велосипед алып бердің бе? Не берген болсаң видеоңды салшы? Біз жақсы сөзімізді жазайық. Не болса да ішіне қыл айналмайтын жан екенсің. Алла аясын! Бұл перзенттері себепкер, Алла беріп жатыр! Жазғаның – Алланың бергеніне қарсы пікірің", – деп жазды Төреәлі Төлепов.