Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балаларды сызғышпен ұрып, аяғымен тепкен шымкенттік тәрбиеші қамауға алынды

Балаларды сызғышпен ұрып, аяғымен тепкен  шымкенттік тәрбиеші қамауға алынды
видеодан скрин
"Ай Көркем" балабақшасына баратын бала үйіне соққы іздерімен келегн. тәрбиеші екі сағат бойы балаларды әртүрлі тәсілмен ұрып, қинаған.

Шымкенттегі "Ай Көркем" деп аталатын балабақша ата-аналары шу шығарды. Олардың бұлай бас көтеруіне алдымен ұл-қыздарының үйлеріне көгерген із бен таяқтау белгілерімен келгені. Осындай қатыгездікті бастан кешірген  баланың анасы балабақша әкімшілігінен күні бойғы видеоны көрсетуді талап еткен. Онда тәрбиешінің екі сағат бойы балаларды ұрып-соққаны, тіпті тепкені анықталды.

Тәрбиеші балаларды бір бөлмеге қамап қойып, озі анадай жерде телефон қарап отырған. Балалар жылап, бір-бірімен алысқан сәтте тұрып барып, ұрып орнына қайта отырады. Екі сағат бойы тәрбиеші осылай жасаған. Кішкентай балаларды үлкен қолымен аямай салып жібереді, бірде дәптермен ұрады, бір кезде теуіп жібереді. Қайта өз орнына түк болмағандай отырып, телефонын қарауды жалғастырады. Ата аналар тәрбиешінің бұл әрекеті үйреншікті, қалыпты әрекет сияқты қабылдаған. Өйткені ол ешқандай реакция, қобалжу, өкіну сияқты ым-ишара танытпаған.

"Қала тұрғыны ұлының соққыға жығылғаны туралы шағыммен жүгінген. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, куәгерлерден жауап алуда. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Ал жергілікті әкімдік тәрбиешінің бірден жұмыстан қуылғанын айтты.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар