Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Оған қамқорлық жасағым келді”: Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді

“Оған қамқорлық жасағым келді”: Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді
Сурет: ашық дереккөздерден
Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет жарымен кофеханада танысқан

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет сүйіктісімен қалай танысқанын айтты. Екі жас басында дос болып араласқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, олар бір жыл бұрын танысқан екен.

“Бір жыл бұрын Ақтауда таныстық. Берекет деген досым кофехана ашқан. Әкем, көмекшісі, мен – үшеуіміз қолдау білдіріп бардық. Сол кезде көрдім. Сырттай көріп, ұнатып қалдым. Бірақ ол ашылуда танысқан жоқпыз. Содан арамыз үзіліп қалды. Бір күні Берекет досым үйленетін болды. Сол тойға ата-анаммен бардық. Әдия – досымның жақын қарындасы. Досымның туысқаны болғасын бірден сөзге тартып, танысып кете алмадым. Үйлену тойдан кейін жастар шағын басқосуға жиналдық. Біздің жақын танысуымызға да сол кеш себеп болды. Ертеңіне Берекеттің үйіне менің ата-анам, өзінің туыстары жиналды. Дастарханда Әдия менің жаныма отырып қалды. Сыртқа шыққанда оның аяқкиімін әпердім. Оған қамқорлық жасағым келді. Содан бері дос болып араласа бастадық. Міне, шаңырақ көтердік”, – деді Әділет.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар