
Заң қабылданса қоғамдық орында бетін бүркеп жүретіндерге айыппұл салынады.
Сенат «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын түзетуді талқылап жатыр.
Түзету Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.
Енді елде бет-жүзді жауып тұратын маска, балаклава немесе киім элементтерін киюге тыйым салу ұсынылуы мүмкін.
«Адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді пайдалану арқылы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін осындай ұсыныс енгізіліп отыр», – деді сенатор Наурызбай Байқадамов.