Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде қызыл кітапқа енген гүлдермен суретке түскен ауыл әкімі жауапкершіліктен босатылды

Ақтөбеде қызыл кітапқа енген гүлдермен суретке түскен ауыл әкімі жауапкершіліктен босатылды
Сурет: видеодан скриншот
Қызыл кітаптағы гүлмен суретке түскен ауыл әкімі жазадан құтылып кетті

Қызыл кітаптағы қызғалдақтармен суретке түскен ауыл әкімі жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот бұл істен құқықбұзушылық анықтамады.

Судьяның айтуынша, полиция оқиға орнын нақтыламаған, ал іс материалдарында құқықбұзушылық фактісін растайтын дәлелдер жоқ. Істе тек фотосурет болған, ал құқық қорғау органдары оқиға орнына мүлде бармаған. Нәтижесінде, сот полиция департаментіне жеке қаулы шығарды.

mgorod.kz сайтының мәліметінше, сотта гүлдерге сараптама жасалмағаны және олардың сирек кездесетін өсімдік екені дәлелденбегені анықталды. Қазақстандағы Ботаника институты да бұл өсімдіктердің «ерекше қорғалатынын» растамаған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар