Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үндістандағы ұшақ апатынан 241 адам қаза тапты: бір жолаушы ғана аман қалған (ВИДЕО)

Үндістандағы ұшақ апатынан 241 адам қаза тапты: бір жолаушы ғана аман қалған (ВИДЕО)
Сурет: газета.ру
Үндістанда жерге құлаған ұшақтан бір жолаушының тірі қалғаны туралы ақпарат тарады

Үндістанда апатқа ұшыраған Air India ұшағында бір жолаушы ғана аман қалған. Ол Ұлыбртания азаматы екені белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы News18.com.india порталы мәлім етті. Әлемдік БАҚ-та ұшақта болған 242 адамның барлығы қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын. Тірі қалған адам 11A орнында отырғаны белгілі. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. 

Ахмедабад қаласында ұшқаннан кейін құлаған ұшақ бортында 242 адам болған. Жолаушылар ұшағының бортында Үндістанның 169 азаматы, Ұлыбританияның 53 азаматы, жеті португалиялық және бір канадалық болған. 

News18  241 жолаушының ішінде аман қалған Ұлыбритания азаматы, 40 жаста екенін жазады. Ол Үндістандағы отбасына қонаққа келып, қайтадан Ұлыбританияға бауырымен бірге қайтып бара жатқан.

Бірнеше жерінен жарақат алған ол ауруханада ем қабылдап жатыр.

Сарапшылар ұшақ апатына құстармен соқтығысу себеп болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені ұшу сәтті басталған, алайда біраз уақыт ішінде ұшақ жерге құлаған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар