Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үндістаннан Лондонға көшіп бара жатқан бүтін бір отбасы ұшақ апатынан мерт болды

Үндістаннан Лондонға көшіп бара жатқан бүтін бір отбасы ұшақ апатынан мерт болды
Инстаграм
Дәрігерлер отбасы ұшаққа отырған сәттің фотосын туған-туыстарына жолдап үлгерген.

Үндістандық дәрігер Лондонда мамандығы бойынша бірнеше жыл еңбек етіп, үш баласы мен әйелін көшіріп алуға бел буған. Олар бүтін туған туыспен қоштасып, әйелі жұмысынан шығып, балалары мектеп, сыныптас, достарымен қоштасып, бар керектерін қолына алып жолға шыққан. Туған-туыстарына ұшақта отырған бақытты сәтттерінен фото жасап, жаңа өмірідің басталған сәтінен естелік суреттерін жолдаған. Алайда олар отырған ұшақ ұшқанына бір минут   болмай өз елдерінде құлап, жанып кетті, деп жазды, KYN.KZ  тілшісі.

"Суреттегі жігіт ағасы Пратик Жошы. Соңғы алты жылдан бері Лондонда дәрігер болып жұмыс істеп, жағдайын жасап, бала-шағасының құжаттарын реттеп, үй-жайын қамдап, Үндістанға отбасын көшіріп алып кетуге келген екен.

Әйелі Коми Вьяс те дәрігер, Үндістанда бір ауруханада жұмыс істеген, екі күн бұрын жұмысынан шығыпты. Ұжымы да тілек жаудырып шығарып салған.

Үш баласымен бірге киім-кешегін қуана сөмкелерге салып, үлкен үмітпен Air India-ның Британияға аттанар 171-рейсіне мініп, селфилете суретке түсіп, ағайын-тума чатына осы суретті салған екен.

Алайда олар діттеген жеріне жете алмады. Ұшақ апатқа ұшырады. Бір сәтте бүтін бір отбасының арманы көкке ұшты. Бұл — өмірдің қаншалықты нәзік екенін еске салатын ащы шындық. Қанша тырыссаң да, жиған дүниең, үмітің — бәрі-бәрі жіпке ілінгендей ілекер. Сондықтан, өміріңнің барында, ойна да күл. Апат айтып келмейді, бірақ бетін аулақ қылсын!",-деп жазды Шыңғыс Мұқан.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар